ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті базасында өткен кеңес

2023 жылғы 21 Маусымда №15 ҚЕ қызметкерлері Астана қаласы бойынша ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті базасында өткен кеңеске қатысты. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, диспансерлік есепте тұрған пациенттер ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ – 75 "ҚР белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" бұйрығы бойынша №15 ҚЕ, Р. Қошқарбаев даңғылы, 64, №138 кабинетте тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды ала алады.