ДЕНСАУЛЫҒЫҢ –ӨЗ ҚОЛЫҢДА!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен 2010 жылдан бастап елімізде «Салауатты өмір» бағдарламасының енгізілгені бәрімізге аян. Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту және өмір жасын ұзарту Президент саясатының ең басты міндеттерінің бірі десек, саламатты өмір салтын қалыптастыру, адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігін тәрбиелеу, әлеуметтік аурулардың алдын алуға барынша назар аудару- денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің және барша халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты бағыты болуы тиіс дер едік. Меніңше әр азаматтың денсаулығының кілті өз қолында,адамның өмір сүру ұзақтығы оның өмір сүру салтымен тығыз байланысты.

ҚЫЗЫЛША

Қызылша-дене қызуының көтерілуімен, ағзаның улануымен жоғары тыныс жолдарының зақымдануымен және денеде қызыл дақтардың пайда болуымен сипатталатын жіті инфекциялық ауру.

Пайда болу себебі: қызылшаны тудыратын вирус қыздырғанда, ультрафиолеттік қыздыруында,залалсыздандырылғанда жылдам жойылатын вирус.

Жұқпа көзі қызылшамен ауырған адам болып табылады, ол аурудың бастапқы белгілері білінбей  тұрып 2 күн бұрын және  денеге бөртпе түскеннен кейін 5 күн бойы жұқпа таратуға бейім.

МИҚҰРТ

Миқұрт (менингит) — өте қатерлі ми ауруы, бұл кесел ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуынан туындайды.

Себебі: Оның қоздырғышы  менигококк бактериясы ол көбінесе іріңді менингит тудырады. Менингит жұқпасы тамшылы-ауа жолымен таратылады. Менингококк жұқпасы  жақын ара қатынаста жылдам жұғады. Бұл кеселмен көп жағдайда балалар ауырады

Аурудың бас көтеруі,көбнесе қыс-көктем айларында болып, 10-20 жылдар аралығында қайталанып отырады.

МИҚҰРТ БАЛАЛАРҒА ҮЙІР

Менингит - бұл өте қатерлі ми ауруы. Көп жағдайда балалар ауырады. Аурудың бактериясы жөтел кезінде және ауа арқылы жұғуы мүмкін. Мәселен мұрынға түскен бактерия жұлынға өтіп, қан айналымына енеді де, қоздырғыш өзге де бактерияларды күшейтеді. Ал оны жұқтырған адамның өзі де ауру таратушы болады.