Қызылша-дене қызуының көтерілуімен, ағзаның улануымен жоғары тыныс жолдарының зақымдануымен және денеде қызыл дақтардың пайда болуымен сипатталатын жіті инфекциялық ауру.
Пайда болу себебі: қызылшаны тудыратын вирус қыздырғанда, ультрафиолеттік қыздыруында,залалсыздандырылғанда жылдам жойылатын вирус.
Жұқпа көзі қызылшамен ауырған адам болып табылады, ол аурудың бастапқы белгілері білінбей тұрып 2 күн бұрын және денеге бөртпе түскеннен кейін 5 күн бойы жұқпа таратуға бейім.
Жұқпа тамшылы-ауа жолымен таратылады, сыртқы ортада тұрақтылығы шамалы болғандықтан қолданылған заттар немесе үшінші адам арқылы жұқпа таратылмайды. Барлық адамдардың қызылша жұқпасына бейімділігі жоғары. Бұрын қызылшамен ауырмаған және қызылшаға қарсы екпе алмаған адамдар 100% жағдайда ауруға шалдығады. Бала кезінде алған қызылшаға қарсы екпесінің қабілеті азайюына байланысты кейінгі жылдары жас адамдар қызылшамен жиі ауруда.
Аурудың даму үрдісі- қызылша вирусі тыныс жолдары жасушаларының кілегейлі қабығына еніп, сол жерде көбейіп одан әрі қан арқылы бүкіл ағзаға тарайды.Сонымен қоздырғыш вирус көздің, тыныс жолдарының, ауыз қуысының, терінің клегейлі қабаттарында жиналып қалады. Қызылша ауруы кезінде және ауырғаннан кейін бірнеше ай бойы ағзаның иммунитетін төмендетіп жіберуіне байланысты созылмалы науқасы бар адамдардың ауруын қоздыруы мүмкін( созылмалы бронхит, гайморит, отит, т.б.) Қызылшамен аурған адамда өмір бойы қызылша ауруын жұқтырмайтын қабілет пайда болады, сонымен қатар қызылшаға қарсы екпе (прививка против кори) алған адамдарда қызылшаға қарсы төзімділік ( иммуниттет) 15 жылға дейін сақталады.
Белгілері: Инкубациялық кезеңі яғни вирустің ағзаға түсуінен бастап алғашқы белгілері пайда болу аралығы 9-11 күнге дейін. Ауру дене қызуының 38-390 дейін көтеріліп,мұрынның бітелуі, тамақтың қарлығуы, бас ауруы, құрғақ қатты жөтел, жарыққа көз ашалмау, жалпы дел-салдық пен ұйқының бұзылуымен дамиды. Бет пен қабақтың үстінің ісінуі, көздің ағы мен ауыз қуысының кілегейлі қабығының қызаруы пайда болады. Аурудың 2-3күнінде ауыздың ішінде жақтың шырышты қабатында кішкетай шамасы 1мм дей қызыл шырышты қабаттан сәл көтеріліп тұратын ақ ұсақ дақтар пайда болады ( Бельский- Филатов-Коплик дағы) , Әдетте олар топтанып еш уақытта бір біріне қосылмайды, және 2- 3 күн сақталып сосын жойылады. 4ші тәулікте құлақтың сыртында, мұрынның үстінде, содан соң тәулік ішінде бүкіл бет терісінде, мойында және кеуденің жоғарғы бөлігінде ашық қызыл немесе қызыл түсті дақтар пайда болып, олар бірнеше сағаттан соң үлкейіп жиегтері тегіс емес,бір біріне қосылған үлкен қан қызыл дақтарға айналады Дақтар өте көп болады, әсіресе олар бетте көп болып, денеде аздау,аяқта оданда аз болып келеді. 5-ші тәулікте дақтар денеге және қолға , ал 6-шы тәулікте аяққа жайылады. Беттегі дақтардың бір бірімен қосылып үлкейюіне байланысты бет ісініп, қабақ қалыңдап, адамның беті дөрекіленіп бет әлпеті өзгеріп кетеді.
Дақтар түсу кезеңінде дене қызуы 400С көтеріліп,тыныс жолдарының қабынуы күшейіп, аурудың жалпы жағдайы нашарлайды. Дақтар түсу кезеңнің 2-3 күнінде дене қызуы ең жоғарғы көрсеткішке жетіп, содан соң жылдам қалыпты жағдайға түсіп, ауру сауыға бастайды.Дақтар 3-4 күнге дейін сақталып ағара бастайды сосын қоңыр немесе сарғылт түстес болып, бастапқы пайда болған кезеңмен жойылады, түсінің жойылуы мен қатар терінің қабыршақтануы мүмкін.
Асқынуы: Өкпе қабынуы, құлақ,мұрын шырышты қабатының,көздің және нерв жүйесінің қабынуы.
Ауруды анықтау:Қызылша диагнозы тамырдан алынатын қанның зерттеуімен анықталады.
Емделуі: Қызылшаның жеңіл және орташа ауыртпалықтағы асқынбаған түрі участкелік дәрігер немесе жалпы тәжрибелі дәрігердің бақылауында үйде емделеді. Бұл аурудың ауыр және асқынған түрімен ауырғандар ауруханаға жіберіледі.
Қызылшамен ауырғандар жіті респираторлы вирусті жұқпамен ауырғандардай емделеді. Көздің шырышты қабаты қатты қабынғанда төменгі кірпік астына 20% сульфацил натрий сұйықтығын 2 тамшыдан күніне 3-4 рет тамызады, ауруды көзіне жарық түспестей ыңғаймен жатқызады.
Ауру адамды оқшаулау дақ түскен күннен бастап 5күннен кейін аяқталады.
Аурудың алдын алу: алдын алудың ең сенімді жолы- қызылшаға қарсы екпе алу (вакцинация)
Екпе алмай ауырған адаммен қарым- қатынаста болған, және қызылшамен ауырмаған балалар 17 күнге дейін балалар ұйымдарына қабылданбайды. Оларға ауырған адаммен қатысқаннан кейін ауырып қалмас үшін 2 күн ішінде екпе жасалу керек, немесе қатнастан соң, аурудың алдын алуға немесе ауру жеңіл түрде өту үшін 5 күн ішінде иммуноглобуллиннің(болса) 0,25мл\кг дозасын егеді.
«Ниет» ОДО СӨС дәрігері
Ташимова К.Қ.