ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА «НӨЛДІК ТӨЗІМДІЛІК» ПРИНЦИПІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қағидасын қоғамда қалыптастырудың қажеттілігін Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы» жолдауында атап өтті: «Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді. Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. Ұсақ  құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы - қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам». Біз құқықтық нигилизмді жеңіп, қоғамды қоғамдық тәртіпті қорғау ісіне тартуымыз керек. Мұның бәрі қоғамдық өмірдің нормасы болуға тиіс.

Қазір бұл терминді аса көп қолданамыз, бірақ, өкінішке орай, қоғамда адамдардың барлығы бірдей түсіне бермейді. Біз «нөлдік төзімділік» түсінігінің нені білдіретіндігін жан-жақты түсіндіргіміз келеді.

Нөлдік төзімділік – бұл азаматтардың теріс реакциясы немесе ең ұсақ құқық бұзушылықтармен де келісуді қаламауы. Бұл ұсақ бұзақылық та, қоқыс тастау да болуы мүмкін, себебі бұның бәрі қоғамның тыныштығын бұзады, өмір сапасын төмендетеді. Тәртіпсіздік пен бассыздық сезімі әлдеқайда маңызды құқық бұзушылықтарды тудырады. Ұсақ қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға назар аудару қажет. Барлық ұсақ маңызды емес қылмыстарды толық тіркеу – бұл осындай жұмыстың басталуы. Үлкен бақытсыздықтарға әкелетін әдеттегі және жетекші қызықтырушының бірі: «Барлығы да осылай жасайды» сөздері.