Қазақстан халқының өміріне қауіп төндіріп тұрған ауру түрлері бойынша, онкологиялық аурулар екінші орынды еншілеген. Алғашқы орында жүрек-қан тамыр аурулары тұрғаны белгілі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, қазіргі таңда жыл сайын рак ауруына ұшыраған 10 миллионнан астам оқиға тіркеліп, 6 млн адам осы аурудан көз жұмады екен. Аталған ұйым 2020 жылға қарай рак ауруларының тіркелу көрсеткіші 15 миллионға жетіп, бақилық болатындар саны 10 миллионға өседі деген болжам жасап отыр.
Жаманат шақырудан аулақпыз, дегенмен біздің елдің арасында «аты жаман ауру» атанған онкологиялық ауру көрсеткіші де артып отыр
Қазақстанда жылына обыр ауруынан 1500 адам көз жұмады.
Рак (обыр) – түрлі ағзаларда қатерлі ісіктердің пайда болуымен байланысты туындайтын аурулардың жалпы атауы. Соның ішінде ауру түрлері мен оны емдеу әдістері әртүрлі болуы мүмкін. Көбінесе, ем аурудың қай сатыда диагностика жасалуына байланысты болып келеді. Басқа ауруларда кездесетіндей, ауруды асқындырып алған жағдайдайда емдеу қиынға соғады. Соңғы жылдары онкологиялық аурулардың жасару бағытын байқай отырып, әрбір адам үшін алдын-ала тексерілу мен үнемі медициналық қаралудан өтіп тұру қажеттілігі сөз етуге тұрарлық жағдай.
Обыр ауруының 80-90% жағдайлары қоршаған ортаның себептері деп саналады; «қоршаған орта» анықтамасы өзінің кең мағынасында әлі де аз зерттелген тамақ өнімдерінен, әлеуметтік және мәдени іс-әрекеттен құралады. Алдын алуға болатындай обыр ауруының себептері толық анықтала қойған жоқ, дегенмен ауыратындардың жартысына жуығында ондай себептердің барлығына жетерлік. Обыр ауруының үлесі: тамақтану сипатының 30-35 %-нан, темекі тартатындардың 30%-нан, жұқпалы (вирустық) агенттердің – 17%-нан, алкогольдің – 4%-нан, қоршаған ортаның ластануының – 2%-нан, ауыр тұқым қуалау салдарының – 2%-нан тұрады. Осы факторлардың әсерін тұтас қарастыру қажет. Күн сайын алдын-алу негіздерін, жалқаулық пен қол тимеудің салдарынан біз өзіміздің денсаулығымызды тәуекелге тігіп жүрміз.
Дәрігердің айтуынша, жалпы адамдар арасында қатерлі ісік жайында қате пікір қалыптасқан. Олар мұны айықпас дерт деп қабылдайды. Бұл дұрыс емес. Қатерлі ісікті емдеуге мүмкіндік бар. Тек бұл үшін адамдар дәрігерге жиі қаралып тұрулары қажет. Егер де қатерлі ісік асқынғанында емес, алғашқы кезеңінде анықталатын болса, онда науқас толық емделіп шыға алады. Дегенмен, айығып кетсе де олар үнемді дәрігердің бақылауында болады.
Обырдың алдын-алуға болатын ауру екендігі жайлы бірсыпыра бұлжытпас дәлелдер бар.
Қатерлі ісікке қарсы күреске арналған Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы бағдарламасы бар.
Сондықтан да қазіргі таңда бүкіл Қазақстан бойынша соңғы жылдары онкологиялық ауруларға қатысты тегін скринингтік тексерулер өтіп жатыр. Солардың бірі - ол өңеш пен асқазан обырын алдын алуға бағытталған. Мұнда тексерулер де емдеу де тегін жүргізіледі. Ең алдымен, өңеш пен асқазандағы қабыну үдерістерін анықтау мақсатында Хеликобактер Пилори індетіне қатысты тест алынады. Егер тест оң нәтиже берсе, келесі күні бос асқазанға эндоскопиялық тексеру жүргізіледі. Онда бейне эндоскоп арқылы өңеш пен асқазанның сілеймелі қабығы тексеріледі. Соның нәтижесінде науқасты қандай жолмен емдеу керектігі анықталады
Әйелдердегі емшек безі рагі мен жатыр мойны ісігін алдын ала анықтау мақсатында тұрғындар арасында тегін скрининг өткізіліп тұрады. Осы скрининг арқылы әйелдер маммографиядан өтіп, гинеколог, онколог мамандардың кеңесін алады. Сырқат белгісі ерте анықталса, қатерлі ісікті емдеп жазуға болады. Скринингтің тиімділігі мынада — қатерсіз ісікті алдын ала анықтайды, оны емдемесе, қатерлі ісікке айналады. Жатыр мойны рагін 98-97 пайызға, ал емшек рагін 70 пайызға анықтау мүмкіндігі бар. Мысалы, сүт безі рагі алғашқы сатысында емге көнеді. Скрининг арқылы анықтағанда, ауруға шалдыққандар саны өсуі мүмкін, алайда, оның нәтижесі жаман болмайды, сырқаттың алғашқы белгілері біліне бастаған кезде анықталғандар дәрігердің көмегімен айығып кетеді.
Обыр дамуының алдын алатын және осы аурудан жазылып шығу сенімділігін арттыратын Скрининг бағдарламаларына қатысыңыз! Скрининг – симптомдары байқалғанға дейін ауруды анықтау мен емдеу. Адамдар арасында әлі симптомдары жоқ ауруларды анықтау мен емдеу рактан келетін өлім санын азайтуға мүмкіндік береді.
Обырдың алдын-алуға болатын ауру екендігі жайлы бірсыпыра бұлжытпас дәлелдер бар.
Есте ұстаңыз, ауруды емдеуге қарағанда, алдын-алу оңай!
Қатерлі жаңа өскіндердің даму тәуекелін едәуір төмендету үшін «салауатты өмір салты» деп аталатын ұғымға енетін қарапайым бірнеше ережені ұстана біліңіз.
Темекі тартпаңыз, егер тартып жүрген болсаңыз – тоқтатыңыз. Егер Сіз темекіні тастай алмай жүрсеңіз, онда тартпайтындар арасында темекі тартпаңыз. Пассивті темекі тарту активті темекі тарту сияқты зиянды.
Рак ауруының салдарынан болатын өлім жағдайларының 25-30%-ы темекімен байланысты деп саналады. Тек қана темекі тарту және оған алкогольдің қосылуы салдарынан болатын ұлтабар, жұтқыншақ және ауыз қуысы обырының үлесі 43%-60% аралығында өзгеріп отырады. Қуықтың, асқазан асты безі және бүйрек, асқазан, жатыр мойны, мұрын қуысы мен миелоидты лейкоз обыры жағдайларының көпшілігі темекі тартумен байланысты болып келеді. Өлім жағдайларының жартысы орташа жаста кездеседі, оған қоса темекі тартатындар тартпайтындарға қарағанда өздеріне берілген ғұмырдың 20-25 жылын текке жоғалтады.
Қазіргі таңда обыр немесе басқа аурулардың басталуына дейін темекі тартуды тоқтату темекі салдарынан болатын өлім жағдайларынан, орта жастан бастап, тіпті егделеу жаста да қашуға мүмкіндік беретіндігі жайлы нақты дәлелдемелер бар.
Зиянды тамақтарды алып тастаңыз. Канцерогендер (қатерлі жаңа өскіндердің дамуына себеп болатын химиялық заттар) көптеген азық-түліктерде кездеседі, әсіресе, майға қуырылған тағамдарда, консервіленген және маринадталған тағамдарда, ұзақ сақталынған азық-түліктерде, ысталған тағамдарда.
Майлы тағамдарды, әсіресе, малдың майын тұтынуды азайтыңыз, қатты тоя тамақтанбаңыз – күнделікті тамақтану рационы 2500 калориядан аспауы тиіс. Үнемі жүктемесіз және ақуызсыз тамақтану күндерінің жүйесі мен диета сақтауды ұстаныңыз. Алкоголь тұтынуды қойыңыз. Суға қатысты айтарымыз: фильтрленген немесе бөтелкедегі суды пайдаланыңыз.
Қажетті азық-түліктер. Сізге күн сайын жасұнықтардан (клетчатка) тұратын жемістер, көкөністер, шырындар және басқа да өсімдік құрамдас тағамдардың 5 бөлшегін (порциясын) жеп отыру қажет. Жасыл, сары және қызғылт сары көкөністер мен жемістерді, цитрусты жемістерді, жидектерді, құрғатылған жемістерді, теңіз азық-түліктерін, пияз бен сарымсақты тұтыну ерекше пайдалы. Қызыл көкөністердің ішінде ең тамаша таңдау – қызанаққа тиесілі. Өзіңіздің күнделікті рационыңызға ірі ұнтақты ұннан жабылған нанды (бидайдан және қара бидайдан) және ботқаны қосқаныңыз абзал. Майлы балықта қатерлі жаңа өскіндердің дамуына кедергі жасайтын пайдалы заттар көп-ақ. Жаңғақтар да өте пайдалы.
Иммунитетті нығайтыңыз. Белсенді болыңыз, күн сайын дене шынықтырумен шұғылдануға тырысыңыз.
Вирустарға тексеріліңіз. Барлық онкологиялық аурулардың 10%-ын вирустар шақыруы мүмкін. Жұқтырып алу мен рактың дамуы арасында көптеген жылдар өтуі мүмкін, бірақ сіз қоздырғыш вирустың тасымалдаушысы болсаңыз, өз денсаулық күйіңізді үнемі бақылауда ұстап, ауруға бірде-бір мүмкіндік бермеу үшін ол жайында білуіңіз қажет.
Артық күн сәулесін қабылдаудан қашуға тырысыңыз.
Тері аурулары рагының басты себебі күн сәулесі, әсіресе, оның ультракүлгін бөлігі болып табылады.
Денсаулық зор байлық денсаулығыңыз жақсы болсын десеңіз - Салауатты өмір салтын ұстаныңыз!