Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Астана қаласы әкімдігінің «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін психоневрологиялық патологиясы және тірек-қимыл аппараты бұзылған ұйымдастырылмаған балаларды анықтау қағидатын іске асыру мақсатында Астана қаласы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» басшысы Илья Скуб қалалық медициналық ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Бұл кездесуге №15 емхананың әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің маманы Аятхан Әсемгүл қатысты.
Емханамыздың СӨС дәрігері, гинеколог және психолог мамандарының қатысуымен 2023 жылдың қаңтар айында №74 мектептің 8, 9, 10, 11 сынып оқушыларына ерте жыныстық өмірдің салдары, жауапты мінез-құлықтың қажеттілігі туралы профилактикалық әңгімелесу циклі өтті. Сондай-ақ, мамандар балаларға манипуляциялық әрекеттерге қалай қарсы тұру керектігін және мақсаттарды өз бетінше таңдау туралы айтып берді.
ӨЗІҢІЗДІ ОСЫ ТІЗІМНЕН ІЗДЕП КӨРІҢІЗ. ЕГЕР БҰЛ ТІЗІМДЕ БОЛСАҢЫЗ, МӘМС ҮШІН ЖАРНА ТӨЛЕМЕЙСІЗ. СЕБЕБІ СІЗ ҮШІН ОНЫ МЕМЛЕКЕТ ТӨЛЕЙДІ.