- Толығырақ
-
Жарияланды 17.01.2023 12:24
-
Қаралды: 826
Тұзды көп тұтыну қан қысымының жоғарылауына әкеледі, сонымен қатар ағзаның басқа жүйелеріне теріс әсер етеді. Шамадан тыс тұздалған тамақтану инсульт, жүрек-қан тамырлары аурулары, бүйрек жеткіліксіздігі, асқазан қатерлі ісігі және т.б. қаупін арттырады.
Тұзды тұтынуды қауіпсіз деңгейге дейін төмендету үшін ас үлесіне құрамында тұзы көп тағамдарды азырақ қосу қажет.
- өнеркәсіптік терең өңделген дайын өнімді (ет шұжық өнімдері, балық деликатестері, дәмді сухарилер мен крекерлер, консервіленген өнімдерді) азырақ;
- тұздалған және маринадталған өнімдерді сирек тұтыну, өнімді дайындау мен сақтауда тұзды аз немесе тұзсыз жасау тәсілдерін қолдануға тырысу;
- "Тұзы азырақ болса, дәмі көбірек шығады" деген ұстанымды ұстану арқылы тұздың орнына бұрыш, лимон шырыны, сарымсақ, дәмдеуіштер мен шөптерді қолдануға болады;
- сорпаға дәмді дәм беру үшін тамыр жеміс (балдыркөк тамыры, пияз, сәбіз), тамырлар (зімбір тамыры), шөптер (насыбайгүл) және басқа да хош иісті көкөністер (балдыркөк сабағы, пияз) қолдануға болады;
- соя соусы, кетчуп және құрамында жасырын тұздың мөлшері көп салаттарға арналған тұздықтар сияқты дайын тұздықтарды пайдалануды азайту;
- консервіленген өнімдерді тұтынған кезде ішіндегі сұйықтықты төгіп тастап, тұздың құрамын азайту үшін өнімдердің өзін сумен шаю керек;
- тұз сауытты үстелден (жылдам қол жетімділік жерден) алып тастау арқылы дайын тағамға тағы да тұз қосуға қызығудан арылуға болады.