Астана қаласы әкімдігінің «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін психоневрологиялық патологиясы және тірек-қимыл аппараты бұзылған ұйымдастырылмаған балаларды анықтау қағидатын іске асыру мақсатында Астана қаласы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» басшысы Илья Скуб қалалық медициналық ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Бұл кездесуге №15 емхананың әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің маманы Аятхан Әсемгүл қатысты.