Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Damumed сіз үшін қадамдық және егжей-тегжейлі нұсқаулық дайындадық. Онымен танысу үшін карусельді айналдырыңыз.
Астанада «Сөзден іске/Walk theTalk» дәстүрлі акциясы өтті. Оған біздің медицина қызметкерлері де қатысты.
Акцияның мақсаты - денсаулық құндылықтарын дәріптеу, дене белсенділігінің қажетті деңгейін сақтау, қоғамдық денсаулықты сақтау бойынша барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіру.
Біздің медицина қызметкерлері жүлделі орындарға ие болды. Әйелдер командасы арқан тартыста бірінші, ал ерлер командасы армрестлингте үшінші орын алады.
Әріптестерімізді құттықтаймыз!
2022 жылғы 1 қаңтардан 31 қазанға дейін МӘМС-ға жарналар мен аударымдар ретінде823,2 млрд теңге түсті.
Ең ірі төлем жасаушы мемлекет болып табылады – жеңілдікті санаттарға кіретін 11 млн азамат үшін жарналар осы кезеңде шамамен 300,9 млрд теңгені құрады.
Төлем жасаушылардың келесі үлкен санаты-жұмыс берушілер. Аталған кезеңде аударымдар түрінде олар 293,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.
Жалдамалы жұмысшылар, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша еңбек ететіндер, ЖК, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және дербес төлеушілер жалпы алғанда 227,8 млрд теңгеге жарналар төледі.
Жалдамалы жұмысшылар-193 млрд теңге
АҚС – 7,7 млрд теңге
ЖК – 19,9 млрд теңге
БЖТ төлеушілер – 1,5 млрд теңге
Дербес төлеушілер – 5,7 млрд теңге
Тұзды көп тұтыну қан қысымының жоғарылауына әкеледі, сонымен қатар ағзаның басқа жүйелеріне теріс әсер етеді. Шамадан тыс тұздалған тамақтану инсульт, жүрек-қан тамырлары аурулары, бүйрек жеткіліксіздігі, асқазан қатерлі ісігі және т.б. қаупін арттырады.
Тұзды тұтынуды қауіпсіз деңгейге дейін төмендету үшін ас үлесіне құрамында тұзы көп тағамдарды азырақ қосу қажет.
- өнеркәсіптік терең өңделген дайын өнімді (ет шұжық өнімдері, балық деликатестері, дәмді сухарилер мен крекерлер, консервіленген өнімдерді) азырақ;
- тұздалған және маринадталған өнімдерді сирек тұтыну, өнімді дайындау мен сақтауда тұзды аз немесе тұзсыз жасау тәсілдерін қолдануға тырысу;
- "Тұзы азырақ болса, дәмі көбірек шығады" деген ұстанымды ұстану арқылы тұздың орнына бұрыш, лимон шырыны, сарымсақ, дәмдеуіштер мен шөптерді қолдануға болады;