Паразиттік аурулардың ішінде энтеробиоз, гименолепидоз, аскаридоз, тениоз, тениаринхоз сияқты аурулар жиі кездеседі. Бұл ауруларға паразиттік құрттар немесе гельминттер себепші. Күнделікті өмірде оларды құрттар (глисты) деп атайды.
Өздеріңіз білетіндей, паразиттік ауруларды кез-келген адам жұқтырады.
Бірақ құрттармен жұқтыруда ең осал санат-14 жасқа дейінгі балалар. Елордада жұқтырған балалардың жалпы санының 76,2% - ы энтеробиозға келеді.
Энтеробиоз және гименолепидоз профилактикасына қойылатын гигиеналық талаптарға сәйкес жыл сайын жылына бір рет балабақшаларға баратын мектеп жасына дейінгі балалар арасында энтеробиозға жоспарлы тексеру жүргізіледі.