26 маусым - нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрестің халықаралық күні.
Ол 1987 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының өз қызметін күшейтуге және есірткіні теріс пайдаланудан азат әлемдік қоғам құруға деген шешімінің көрінісі ретінде құрылды.
Мақсаты - есірткі құралдары, есірткіге ауыр тәуелділіктің пайда болуы және оларды қолданудың салдары туралы ақпаратты кеңінен тарату.
Тек осылай ғана жас ұрпақты осы апаттан қорғауға болады.