МӘМС жүйесінде жоспарлы стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға және жүкті әйелдерге көрсетіледі.
МӘМС жүйесінде шұғыл стоматологиялық көмекті 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары, 1, 2, 3 топтағы мүгедектер, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, жасы бойынша зейнеткерлер, әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратындар, мүгедек балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар ала алады.
Ортодонтиялық көмек тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, жақ-бет аймағының туа біткен патологиясы бар 18 жасқа дейінгі балаларға көрсетіледі.
Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 69-тармағын орындау – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі консультациялық-диагностикалық көмек деңгейінде ортодонтиялық көмек бөлігінде көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесі кеңейтілді, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңға сәйкес 6 жастан 12 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға тіс – жақ аномалияларының түрлері: тістеу ақаулары бар – K 07.2 және жақтың макрогнотиясы және жақтың микрогнотиясы-K 07.0.
("Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ дереккөзі»)