2021 жылға ауысқан бүгінгі бейне
Сіздерді COVID-19 вакцинациясына күтеміз.
Вакцинацияны тіркемеге қарамастан алуға болады.
Вакцинация тегін жүргізіледі.
Вакцинация күн сайын жүргізіледі.
Вакцинацияға жазылу және сұрақтар бойынша байланыс орталығы 87785583053.
Вакцинаны алу үшін "№15 Қалалық емханаға"келіңіздер.
Мекен-жайы: Қошқарбаева 64, 1 қабат, 130 кабинет.
Вакцинация арқылы сіз өзіңізді ғана емес, жақындарынызды да қорғайсыз. Коронавирустық инфекциядан ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін вакцинациямен қамту елдің ересек халқының 60% - ын құрауы керек. Бұл қоғамдағы вирус айналымын төмендетеді және вакцинацияланбайтын осал топтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
20 сәуірде "Halyk Bank" АҚ, Алматы ауданы әкімдігінің қолдауымен 10 отбасына азық-түлік жиынтығы түрінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Әлеуметтік қызметкерлер көп балалы отбасыларға барып, жиынтықтарды табыс етті және өз қамқорлығындағылардың жақсы сөздерінен зор қуат алды.
Ш. К.: "Біздің отбасымыз үшін осындай қиын кезеңде осындай жомарт сыйлық үшін демеушілерге шын жүректен алғыс айтамын! Барлығына денсаулық тілеймін!".
Б. А.: "Баршаңызға үлкен рахмет! Бізге көмектескені, бізді ұмытпағаны үшін рахмет!".
П. В.: "Халық Банкінің филиалына және 15 Қалалық емхана ұжымына осындай үлкен азық-түлік себеті үшін бізге қамқор болғандарыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді! Құдай барлығыңызға мықты денсаулық пен шыдамдылық берсін! Бізді ұмытпағаныңыз үшін, қамқорлығыңыз үшін рахмет! Баршаңыз қалаған мақсаттарыңызға қол жеткізіп барлық армандарыңыз орындалсын!"
2021 жылдың 17 сәуірінде экологиялық айлығына байланысты "Таза Қазақстан бірге" ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. №15 қалалық емхананың қызметкерлері емхананың барлық аумағында ғана емес, оған іргелес жатқан бөлігінде де қоқысты жинауға белсенді қатысты.
Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және адамдарды жасампаз болуға-өздері үшін қоқысты жинауға және сол арқылы қаламыздың экологиялық игілігіне өз үлесін қосуға шақырамыз!
"№15 Қалалық емханада" тіркелген тұрғындарды коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жалғасуда.
Вакцинаны қалай алуға болатынын еске саламыз.
КОРОНВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНАНЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?
Вакцинация тұратын жері бойынша емханада жүргізіледі. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек.
Екпе салардың алдында сізден сауалнама, ерікті ақпараттандырылған келісім парағын толтыруды сұрайды және жадынама береді.