Туберкулезден емделуге және толығынан айығуға болады. Дәрілерге сезімтал белсенді түрдегі туберкулезбен ауырғандарды, денсаулық сақтау қызметкері немесе арнайы дайындықтан өткен ерікті көмекші тарапынан қолдау қамтамасыз етілген жағдайда, микробқа қарсы төрт дәрі-дәрмектермен алты ай барысында стандартты түрде емдейді.
Мұндай қолдаусыз емдеу сұлбасын сақтау қиынырақ.
ДДҰ бағалауы бойынша, 2000 жылдан бастап туберкулезді диагностикалау және емдеудің арқасында 63 миллион адам өлімнен құтқарылған.