МӘМС БОЙЫНША СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ КІМ АЛА АЛАДЫ?

2020 жылдан бері азаматтардың жекелеген санаттары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында барлық стоматологиялық көмекті амбулаториялық деңгейде тегін ала алады.

МӘМС аясында тегін стоматологиялық қызметпен шұғыл жағдайларда келесі санаттар қамтамасыз етіледі:

  • 18 жасқа дейінгі балалар
  • жүкті әйелдер
  • ҰОС ардагерлері
  • мүгедектер
  • зейнеткерлер 
  • көпбалалы аналар («Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері)
  • атаулы әлеуметтік көмек алушылар 
  • әлеуметтік маңызы бар дертке немесе айналасындағыларға қауіп төндіретін ауруға шалдыққан науқастар.

Ал егер жоспарлы емдеу болса, МӘМС бойынша тегін стоматология жүкті әйелдер мен 18 жасқа дейінгі балаларды ғана қамтиды.

СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫН АНЫҚТАЙТЫН СКРИНИНГ

Сүт безі обыры - әйелдер арасында ең көп таралған қатерлі дерт әрі өлім деңгейі де өте жоғары.

Сүт безі обырын анықтайтын скрининг әртүрлі зерттеу әдістерін пайдалана отырып, қатерлі ісікті ауру белгілері пайда болғанға дейін ертерек анықтауға мүмкіндік береді.

Скринингтің мақсаты - белгілері әлі білінбеген обырды ерте анықтау және емдеу.

40 пен 70 жас аралығындағы әйелдер екі жылда бір рет қаралып тұруы тиіс.

№ 13 мектептің жасөспірімдерімен әңгіме өткізілді

7 Сәуірде № 13 мектептің жасөспірімдерімен әңгіме өткізілді. СӨС дәрігері А. Рақымжан дұрыс толық тамақтану және салауатты өмір салтының қажетті компоненті ретінде тамақтану режимін сақтау қажеттілігі туралы айтып берді. Әңгіме барысында жыныстық тәрбие мәселелері қозғалды.

Сондай-ақ, оқушылармен жол жарақатының алдын алу туралы әңгімелесті, жол қозғалысы ережелерін еске салды.

"Белсенді ұзақ өмір сүру мектебінде" сабақ өтті

Әр сәрсенбі, сағат 10-да. 00 мин. "№15 қалалық емхананың" геронтологиялық медбикесі Ж. К. Жүсіпбекова "Белсенді ұзақ өмір сүру мектебінде" сабақ өткізеді.

4 сәуірде пациенттер қарттықта дұрыс тамақтанудың тепе-теңдігі мен негізгі принциптері туралы ұсыныстар алды.

Дұрыс тамақтану салауатты өмір салтының бөлігі болып табылады, сонымен қатар күнделікті физикалық белсенділік те өте маңызды.

Дұрыс және теңестірілген тамақтанудың негізгі принциптерін білесіз бе

Дұрыс тамақтану денсаулықтың және ұзақ өмір сүрудің басты факторы болып табылады. Адамның физикалық жағдайы оның қалай және қандай көлемде тамақ жейтініне байланысты. 

Тамақтану режимімен қатар, кейбір психологиялық ережелерді сақтау артық болмайды:

  • Үстелге шаршаған күйде отырмаңыз. Қалай аш болсаңыз да, ең болмағанда 10 минут демала тұрыңыз.
  • Ашулы, шошынған күйде, қайғылы сезімдерге берілгенде тамақ ішпеңіз.
  • Егер сізге қандай да бір тағам ұнамаған болса, пайдалы болса да оны татып көруге болмайды. Сізге ол бәрібір пайдасын тигізбейді.
  • Қарныңыз ашқанша үстелге отырмаңыз.