ТАЗАЛЫҚ экологиялық айлығы аясында

20 сәуірде ТАЗАЛЫҚ экологиялық айлығы аясында №15 Қалалық емханада сенбілік өтті.

Қызметкерлер аумақты тазартты. Қаланы көркейтуге үлес қосыңыздар!

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы АҢДАТПА!

Астана қаласы әкімдігінің «№ 15 қалалық емхана» ШЖҚ МКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы АҢДАТПА!

Астана қаласы әкімдігінің «№ 15 қалалық емхана» ШЖҚ МКК «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 ТБН жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес емхана қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылауды өткізуді жоспарлап отыр.

Астана қаласы әкімдігінің «№ 15 қалалық емхана » ШЖҚ МКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау екі бағытта жүргізілді:

1) Астана қаласы әкімдігінің «№ 15 қалалық емхана» ШЖҚ МКК қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Астана қаласы әкімдігінің «№15 қалалық емхана» ШЖҚ МКК ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Осыған байланысты, барлық ниет білдірген тұлғалардан осы талқылауға 26.04.2024 жылы сағат 16:00-де қатысуға шақырамыз. Астана қ., Қошқарбаев  даңғылы, 64, 504 қызметтік бөлме.

Жария талқылауға қатысқысы келетіндер 87752896582 телефоны бойынша хабарласуға болады.

ТАЗАЛЫҚ экологиялық айлығы аясында

13 сәуірде ТАЗАЛЫҚ экологиялық айлығы аясында №15 Қалалық емханада сенбілік өтті. Қызметкерлер аумақты тазартты.

Қаланы көркейтуге үлес қосыңыздар!

Емханаға тіркелудің 3 жолы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) барлық артықшылықтарын пайдалану үшін емханаға тіркелу қажет. Мұндай қажеттілік туындаған кезде көбісі оны қалай жасау керектігін білмейді.

Емханаға тіркелудің үш жолы бар:

Портал арқылы Egov.kz:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз
2. Іздеу жолы арқылы «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін табыңыз
3. Қызметті онлайн сұраңыз
4. Емхана мен дәрігерді таңдаңыз
5. Мекен-жайы мен байланыс мәліметтерін көрсетіңіз
6. ЭЦҚ көмегімен сұранымға қол қойыңыз
7. Қызмет нәтижелері жеке кабинетте көрсетілетін болады.