Емханаға тіркелудің 3 жолы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) барлық артықшылықтарын пайдалану үшін емханаға тіркелу қажет. Мұндай қажеттілік туындаған кезде көбісі оны қалай жасау керектігін білмейді.

Емханаға тіркелудің үш жолы бар:

Портал арқылы Egov.kz:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз
2. Іздеу жолы арқылы «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін табыңыз
3. Қызметті онлайн сұраңыз
4. Емхана мен дәрігерді таңдаңыз
5. Мекен-жайы мен байланыс мәліметтерін көрсетіңіз
6. ЭЦҚ көмегімен сұранымға қол қойыңыз
7. Қызмет нәтижелері жеке кабинетте көрсетілетін болады.

 

Телеграм бот арқылы @Kenes1414Bot:
1. Телеграм мессенджерінде @Kenes1414Bot табыңыз
2. Телеграм ботты іске қосыңыз, «Қызметтер» ашыңыз
3. «Денсаулық сақтау» таңдаңыз, мессенджер арқылы «Медициналық ұйымға тіркелу» батырмасын басыңыз
4. Қызметті кімге қабылдайтыныңызды көрсетіңіз (өзіңізге / балаға)
5. Мекенжай деректерін растаңыз және емхананы таңдаңыз
6. Әрі қарай, бот тіркелу себебін және дәрігердің деректерін сұрайды
7. Растау кодын енгізіңіз
8. Телеграм-бот сіздің өтінішіңіздің нөмірін және көрсетілген қызметтің мәртебесін көрсетеді.

Емхана арқылы:

Жеке куәлігіңізбен және денсаулығыңызға қатысты құжаттармен емхананың тіркеу бөліміне хабарласыңыз. Емханаға тіркелу туралы өтініш жазыңыз. Қызмет көрсету мерзімі - 1 жұмыс күні.

Маңызды: тіркелуден бұрын емхананың толық атауын және емдеуші дәрігердің аты-жөнін білу қажет. Тіркелу кезінде сіз автоматты түрде алдыңғы емханадан кетесіз.

Тіркеу телефоны:

87172266414 - (Р. Қошқарбаев даңғылы, 64);
87172280478 - (Р. Қошқарбаев даңғылы, 64);
87172266415 - (Р. Қошқарбаев даңғылы, 60);
87172579394 - (Шалқоде көшесі, 2);
87056164552 - Аға тіркеуші.