Болашақта вакциналарға көбірек адамдар қол жеткізе алады

Қызылшаға қарсы вакциналар алғаш рет 1963 жылы қолданылған. Дегенмен, қызылшаға бейім адамдар мен вакцинацияланбаған адамдар кластерлері болған жерде аурудың өршулері болуы мүмкін.

Халықты қызылша ауруынан қорғаудың жалғыз қауіпсіз жолы –вакцинация.

Тренинг өтті

2024 жылғы 23-24 сәуірде "№15 қалалық емхананың" қызметкерлері 11 жастағы қыздарды адам папилломавирусына қарсы вакцинациялауды енгізу жоспарын іске асыру шеңберінде Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары ұйымдастырған оқыту тренингіне қатысты.

Халықты иммундау мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

18 және 19 сәуірде Алматы қаласында Асфендиаров атындағы ҚазҰМУ-да халықты иммундау мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Форум жұмысына қатысуға аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің эпидемиолог-дәрігерлері, педиатрлар, ЖПД және облыстар мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларының иммунопрофилактикасын ұйымдастыру мәселелеріне жетекшілік ететін мамандар тартылды.

Вакциналар әр ұрпаққа толыққанды өмір өмір сүруге көмектеседі

Бүгінгі таңда әр елде ұлттық иммундау бағдарламасы бар және вакциналар көптеген аурулардың алдын алудың ең қауіпсіз және тиімді шараларының бірі болып саналады. Бес онжылдықта ұлттық жоспарлы иммундау бағдарламалары дамыды және кеңейді, ал бүгінгі күні ДДҰ ұсыныстарына сәйкес, балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге кем дегенде 13 ауыр ауруға қарсы вакцинациялауды қамтамасыз етеді.

Соңғы 50 жылда вакциналар бүкіл әлем бойынша миллиардтан астам адамның өмірін сақтап қалды

2024 жылы ДДҰ вакциналардың көптеген ұрпақтарға пайдасын тигізетін Кеңейтілген иммундау бағдарламасының 50 жылдығын атап өтеді.

Соңғы 50 жылда вакциналар бүкіл әлем бойынша миллиардтан астам адамның өмірін сақтап қалды.