Ішімдік – бұл спирттік сусындарды ішуге физикалық және психикалық әуестігі бар күрделі ауру. Әртүрлі жастағы ер және әйел адамдар, кей кезде жасөспірімдер мен балалар да ішімдіктің құрбаны болады.
Біздің қоғамымыздың міндеті адамдарды осы қауіптен қорғау, ішімдік салдары және оның дамуы туралы ақпараттың қол жетімдігі мен таралуына ықпал ету, дені сау адамдарға спирттік суысын ішудің қатерін түсіндіру, жаңадан ішуді бастап келе жатқан ішкіштерді тоқтату және науқастарға көмектесу. Бұл үшін қорғаныс факторларын нығайту (ішімдікті ішу жағдайлары) және қауіп факторларын төмендету бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізу керек.
Емшек безі ауруларын ерте диагностикалау заманауи медицинаның өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бүкіл әлемде емшек безінің әртүрлі ақаулары бар әйелдер қатарының өсуінің қалыпты тенденциясы сақталуда.
Ерекше үрейді емшек безі обырынан қайтыс болу тудырады. Әйелдерде жаңадан пайда болған қатерлі ісіктен қайтыс болу құрылымында ол 1 орынды алады. Емшек безі обырымен ауыратын науқасты емдеу нәтижесі жұбатпайтын болып қала береді. Науқастардың анағұрлым бөлігінде жасалатын емдеулерге қарамастан, метастазалар туындайды.
Сальмонеллез – бактериалды жұқпалы ауру, көбінесе ішек - қарын жолдарына зиян келтіреді, бұл жануарлар мен адамдар арасында болатын жіті ішек ауруы, көп жағдайларда азық-түлік арқылы беріліп, асқазан-ішек жолдарының зақымдануы арқылы сипатталатын жұқпалы ішек ауруы. Ауру қоздырғышы сальмонелла болып саналады. Ол көптеген аңдар және құстар ағзасында мекендейді. Сальмонеллалар суыққа төзімді және ұзақ қайнатқанда ғана жойылады.