Ауа райы жылынып, жаз мезгілі ыстық уақытта келді біздің өлкемізге.
Жұқпалы жіті шек ауруларының бас көтеретін мезгілі қазіргідей жаз айлары болып есептеледі. Себебі ауадағы жылы температура жұқпалы ішек аурулар сальммонеллез, дизентерия, протея т.б. қоздырғңыштарының тез тарауына қолайлы жағдай туғызады.
Жедел ішек инфекциялары – бұл бактериялар, вирустар, қарапайымдылар тудыратын және балалар мен ересек адамдарда ішек қызметінің бұзылуымен (диарея) қатар ағзаның улануымен сипатталатын жұқпалы ауру
Жыл сайын дүниежүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен. Мұны жыл бойына күн сайын 25 ұшақ апатқа ұшыраған жолаушылардың санымен салыстыруға болады. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгінсек, егер жағдай өзгермесе, онда таяу жылдарда темекі жарты миллиард адамның түбіне жетуі мүмкін. Бұл келеңсіз мәлімет үрейлендіріп, үркіту үшін емес, нақты дерек. Егер жарнамалық тұрғыда насихат жасауға тыйым салынбаса, ғасыр соңына дейін жер бетінде 1 млрд. кісі темекінің құрбанына айналмақ. Ал, шылым шегетіндердің 95 пайызы өкпенің қатерлі ісігіне ұрынады. ДДСҰ мәліметіне сүйенсек, жер шарындағы 2 миллиард жасөспірімнің санасы никотинмен уланған.
ЖРВИ яғни «жіті респираторлы вирусты инфекция» ауруларына тұмау және жоғарғы тыныс жолдарын зақымдайтын бірнеше аурулар түрлері жатады. Оларға тұмаудан басқа парагрипп, аденовирсты, риновирусты т.б. көптеген вирусты жұқпалар жатады.
Бұл аурулардың қоздырғыштары әртүрлі вирустар (А,В,С) және олар әлемде кең таралған.Әрбір ересек адам кем дегенде жылына 2 рет, оқушылар 3 рет, мектеп жасына дейінгі балалар, 6 ретке дейін тұмау немесе ЖРВИ мен аурады екен. Біздің жерлерде тұмаудың бас көтеруі суық түскен кезде қыс айларында басталып, кейде көктемге дейін созылуы мүмкін.
Темекі шегу көбінесе тек қана еркектердің мәселесі деп қараймыз, өйткені бұл әдетті ең алғаш еркектер қолданған, сол себепті олар бірінші болып жүрек ауруына, өкпенің қатерлі ісік ауруына шалдыққан 13-18 жастар аралығындағы бойжеткен қыздар арасында темекі шегу күрт өсуде.Сонымен қатар шегілген темекі саны да өсуде.
Егер де 1969 жылы 1-қорап шылымды бір күнде он қыздың біреуі ғана шексе, ал 1977 жылы он қыздың төртеуі шеккен.
Алпысыншы жылдары шылым шеккен ер балалар қыздардан үш есе көп болса, ал қазіргі уақытта бұл көрсеткіш тепе-тең болып отыр.