Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Жіті ішек инфекциялары – бұл бактериялар, вирустар, қарапайымдылар тудыратын және балалар мен ересек адамдарда ішек қызметінің бұзылуымен (диарея) сипатталатын жұқпалы ауру. Ішек жұқпасы әлемде ең көп таралған инфекциялардың қатарына жатады. Барлық ересектердің, балалардың дизентериямен сальмонеллезбен және басқа да жіті ішек инфекцияларымен ауырмаған ел жоқ. Жұқпалы жітіл ішек ауруларының бас көтеретін мезгілі жаз айлары болып есептеледі. Ішектің ауруға шалдығуы, іштің бұзылуы организмінің кейбір тағамдарды қорыта алмауымен байланысты. Ішек инфекциясы- жұқпалы ауру.
Қазақстан халқының өміріне қауіп төндіріп тұрған ауру түрлері бойынша, онкологиялық аурулар екінші орынды еншілеген. Алғашқы орында жүрек-қан тамыр аурулары тұрғаны белгілі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, қазіргі таңда жыл сайын рак ауруына ұшыраған 10 миллионнан астам оқиға тіркеліп, 6 млн адам осы аурудан көз жұмады екен. Аталған ұйым 2020 жылға қарай рак ауруларының тіркелу көрсеткіші 15 миллионға жетіп, бақилық болатындар саны 10 миллионға өседі деген болжам жасап отыр.
Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қағидасын қоғамда қалыптастырудың қажеттілігін Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы» жолдауында атап өтті: «Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді. Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы - қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам». Біз құқықтық нигилизмді жеңіп, қоғамды қоғамдық тәртіпті қорғау ісіне тартуымыз керек. Мұның бәрі қоғамдық өмірдің нормасы болуға тиіс.