Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Smart Astana» мобильдік қосымшасын қолдануды жүзеге асыруда. Бұл әмбебап құрал енді елорда азаматтарына кез келген сыбайлас жемқорлық фактілері туралы тез және жасырын түрде хабарлауға мүмкіндік беретін «Stop сыбайлас жемқорлық» функциясын қамтиды. Осылайша, өз құқықтарын қорғау және әділ қоғам құру принциптеріне ықпал етеді.
Азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төлеген жарналары мен аударымдары қайда сақталатыны және бағытталатыны қазақстандықтарды жиі қызықтырады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры оған толық жауап дайындады.
Барлық жарналар мен аударымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің арнайы шотына түседі, ал сол жерден халыққа көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу үшін медициналық ұйымдарға жіберіледі.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңда (21-бап) Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры инвестициялық қызметті Қордың активтерін (МӘМС қаражатын) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы қаржы құралдарына орналастыру жолымен жүзеге асыратыны көрсетілген. Бұл ретте Қор мен Ұлттық Банк арасында сенімгерлік басқару шарты жасалды.
Ол қалай жасалады?
Ботулизм - жоғары өліммен сипатталатын, жүйке жүйесіне басым зақым келтіретін ауыр тағамдық токсикоинфекция.
Ботулизм қоздырғыштарының споралары топырақ немесе ішек құрамы ластанған жануарлар, құстар және балықтардан жасалынған кез-келген тамақ өнімдерінде болуы мүмкін.
Ауру анаэробты жағдайда сақталған (оттегінің болмауы) консервіленген өнімдер, әсіресе үйде дайындалған, сонымен қатар шұжықтар, ысталған және тұздалған балық, бұқтырылған ет өнімдерін пайдаланғанда ғана пайда болуы ықтимал.
Аурудың дамуы өте жылдам жүреді, алғашқы 2-24 сағатта әлсіздік, іш ауруы, құсудың пайда болуы, көз алды торланып, бұлдырайды, бір нәрсе екеу болып көрінеді, ішкен асы тамақтан өтпей, шашалады, жұтыну қиындайды, даусы қарлығып, мұрын арқылы сөйлейді. Ауырған адамды дер кезінде емдемеу - тыныс алу бұлшықеттерінің сал ауруынан өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін.
28.06.2024 ж. жоспары бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру мектебінде "Инсульт, симптомдар және алдын алу" тақырыбы бойынша сабақ өткізілді. Дәріскер №15 ҚЕ невропатологы Батес Латиф болды.
Барлық қатысушыларға медбике Каирбекова А.Б. қан қысымын, қантты және зәр қышқылының деңгейін өлшеді. Барлығына көрсеткіштер түсіндіріліп, ұсыныстар берілді.
Барлық ниет білдірушілер Шалқоде көшесі, 3 мекенжайы бойынша өтетін Белсенді ұзақ өмір сүру мектебіне қатыса алады. Барлық сұрақтар бойынша №15 ҚЕ СӨС дәрігеріне Алимова С.Б., каб. 301 (Р.Қошқарбаев даңғылы, 64), тел. 87073216414 хабарласыңыз.