Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Халықаралық стоматологтар күні-9 ақпанда бүкіл әлемде атап өтілетін жыл сайынғы тіс дәрігерлері мен стоматологтардың мерекесі.
Тістер мен стоматологтар туралы қызықты фактілер!
• Алғашқы тіс щеткалары 15 ғасырдың аяғында пайда болды. Олар шошқаның, жылқының, борсықтың табиғи шашынан жасалған.
• Денедегі барлық кальцийдің 99% - ы тістерде болады.
• Тістің эмалі -адам ағзасы шығаратын ең қатты тін.
Жыл сайын 4 ақпанда Дүниежүзілік қатерлі ісікпен күрес күні атап өтіледі. Бұл күн онкологияның пайда болу проблемасына әлемдік қоғамдастықтың барынша кең назарын аудару үшін қатерлі ісікке қарсы күрестің халықаралық одағымен бекітілді.
Қатерлі ісік - бұл адам ағзасының кез-келген мүшелері мен жүйелеріне әсер етуі мүмкін аурулардың жалпы атауы. Бұл аурудың тән белгісі қалыпты шекаралардан тыс өсетін және қоршаған тіндерге ене алатын, сондай-ақ басқа органдарға, басқаша айтқанда метастазға ауыса алатын қалыпты емес жасушалардың тез көбеюі болып табылады.
ДДСҰ мәліметтері бойынша қатерлі ісік ауруы әлемдегі өлімнің басты себептерінің бірі болып табылады. Қатерлі ісіктің ең көп таралған түрлері - сүт безі қатерлі ісігі, өкпе қатерлі ісігі, тоқ ішек және тік ішек қатерлі ісігі, простата обыры, тері қатерлі ісігі және асқазан қатерлі ісігі.
Қазақстанда жыл сайын онкологияның 36 мыңға жуық жаңа жағдайы тіркеледі, ал 14 мыңға жуық адам көз жұмады.
Бүгінгі күні туберкулез үкім емес, сәтті емделетін ауру.
Туберкулездің басты және алғашқы симптомдары – бұл ұзақтығы екі аптадан астам уақытқа созылатын жөтел, дене қызуының 37-37,5 градусқа дейін көтерілуі. Әдетте, пациент бұл температураны сезбейді, ол ЖРВИ немесе қандай да бір басқа вирустық инфекция кезінде болатын температурадан ерекшеленеді. Сондай-ақ туберкулездің алғашқы белгілері – қалжырау, шаршау, салмақ жоғалту. Қазақстанда жыл сайын туберкулезді анықтау үшін скринингтік, оның ішінде флюорографиялық зерттеулер жүргізіледі.
МӘМС келесі медициналық қызметтерді қамтиды:
• профилактикалық медициналық тексерулер;
• учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша арнайы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі;
• созылмалы дертке шалдыққан жандардың бейінді мамандардың бақылауында болуы;
• уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;
• халықтың белгілі бір категориясына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету;
• диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ);
• мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек;