Дерматомикоз ауруының алдың алу

Дерматомикоз - микроскопиялық саңырауқұлақтардан туындайтын жұқпалы тері ауруы. Зақымданған жер дөңгелектеніп келеді, аурудан шаш, тері және тырнақ зақымдалады. Микроб түскен құйқаға көкшіл-құрғақ қабыршақ түзіліп, кейіннен ол тұтасып кетеді, қоңыр тартып, кедір-бұдырланып үгітіліп бастайды. Жалпы көрінісі тері астында майысқан құрттарды еске түсіреді (осыған байланысты ағылшын аты шыққан- «ringworm»).

Микоздық инфекция (саңырауқұлақтар қоздырған инфекцияны) қалай жұқтырып алуға болады?

Микоздық инфекция байланыс арқылы жұғады. Микоздық инфекцияның кейбір түрлері ылғалды жерлерде мекендейді, мысалы: қоғамдық душтың, моншаның немесе шешінетін бөлменің едендеріңде. Саңырауқұлақша дертін қырма теміреткі түріндегі дерматомикоз формасымен азап шегіп жүрген үй жануарларынан да жұқтырып алуға болады.

Дерматомикоз ауруының алдың алу

 

Алдын алудағы ең тиімді жолы ол – теріні таза және құрғақ ұстау. Осыған орай бірнеше қағидаларды ұстанған жөн:

  • Үйге киетін аяқ киімді кимес бұрын аяқ демалуы керек;
  • Күн сайын шұлық пен іш киімді ауыстырып отыру қажет, әсіресе күн жылыда;
  • Душ, бассейіннен кейін, спорттық шешінетін бөлмеде аяқты әбден құрғатып сүрту қажет (саусақтардың арасын);
  • Қоғамдық орындарда, жағажайларда жалаң аяқ жүрмеңіз;
  • Ыстық күні дене жабысатын киім кимеңіз. Сіз терлеген сайын, саңырауқұлақ инфекциясының дамулары көп болады;
  • Бөтен адамның аяқ кимін кимеңіз, өзіңіздің мүлдем ескі аяқ киіміңізді тастағаныңыз жөн;
  • Өз орамалыңызбен немесе киміңізді басқа адамның қолдануына рұқсат бермеңіз;
  • Үй жануарларының терісін мұқият тексеріп отырыңыз. Теміретке анықталғанда ветеринарға жүгінгеңіз жөн;
  • Спорт залдағы жабдықтарды (жүгіру жолы) пайдаланар алдыңда, олардың таза екеніне көз жүгіртіңіз.