"Промышленный" ауданының белсенділерімен кездесу өтті

26.01.2024 ж. №15 ҚЕ Директоры геронтолог, медбике және СӨС дәрігерімен бірлесіп "Промышленный" ауданының белсенділерімен кездесу өткізді. Тұрғындармен проблемалық мәселелер талқыланды. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, вакцинацияның маңыздылығына және скринингтен өтуге ерекше назар аударылды. Белсенділердің барлық сұрақтарына толық түсіндірмелермен жауаптар берілді.

Қатысқандардың барлығына медбике қан қысымын, қантты және зәр қышқылының деңгейін өлшеді. Барлығына көрсеткіштер түсіндіріліп, ұсыныстар берілді.

Естеріңізге сала кетейік, барлық ниет білдірушілер Шалқоде көшесі, 3 мекен-жайы бойынша өтетін Белсенді ұзақ өмір сүру мектебіне қатыса алады. Барлық сұрақтар бойынша №15 ҚЕ СӨС дәрігеріне С.Б. Алимова, каб. 301 (Р.Қошқарбаев даңғылы, 64), тел. 87073216414 хабарласыңыз.

  • 01
  • 02
  • 03