Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) алғаш рет "үнсіз өлтіруші" деп аталатын аурудың таралу тенденциясын қалай жеңуге болатыны туралы ұсыныстармен жоғары қан қысымының халық денсаулығына зиянды әсері туралы есеп шығарды. Баяндамада атап өтілгендей, гипертониялық науқастардың бесеуінің шамамен төртеуі қажетті ем қабылдамайды, бірақ егер елдер көмекпен қамтуды кеңейтсе, 2023-2050 жылдар аралығында 76 миллион адамның өлімінің алдын алады.
«Сайлаушы 9» БПҰ «Денсаулық 15» партиялық тобында партиялық билеттерді тапсыру өткізілді.
Партия тобының төрағасымен 2023 жылдың 4 тоқсанына арналған жұмыс жоспары талқыланды.
Қазақстанда емханаға бекітілу науқаны жыл сайын 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында жүргізіледі. Емханаға кімге бекітілу керек, бүкіл отбасы бір медициналық ұйымға қатысты болуы керек пе және оны қалай таңдауға болады? МСАК ұйымдарына бекіту науқаны бойынша ең өзекті сұрақтарға жауаптарды осы жарияланымнан оқи аласыз.
ЕМХАНАҒА БЕКІТУГЕ ӨТІНІШ ҚАЙ УАҚЫТ ІШІНДЕ ҚАРАЛАДЫ?
Электрондық үкімет порталы арқылы бекітуге өтінім берілген жағдайда, бекіту (немесе бекітуден дәлелді бас тарту) 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
ЕГЕР БЕКІТУ НАУҚАНЫ КЕЗІНДЕ БАСҚА ЕМХАНАҒА БЕКІТІЛУГЕ ӨТІНІШ БЕРІЛСЕ, ПАЦИЕНТ СОЛ ЖЕРДЕН ҚАЙ УАҚЫТТА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК АЛА АЛАДЫ?
Бекіту науқаны 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында жүргізіледі және оның нәтижелері келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Яғни, басқа емханада (осы емхана оны бекітуге өтінімін растаған жағдайда) пациент жаңа жылдың басынан бастап медициналық көмек ала алады. Басқа емханаға бекітілген кезде бұрынғы емханадан автоматты түрде бекітуден шығару жүргізіледі.
14.09.23ж. №15 Қалалық емханада қызметкерлер үшін өзекті тақырыптар бойынша "Тұмау, ЖРВИ, Covid-19, ересектер мен жүкті әйелдердегі емдеу - диагностикалық тактика. Қызылша, балалардағы емдеу-диагностикалық тактика" семинар өтті. Спикер ретінде медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ДСМ бас инфекционисті, КП әзірлеушілер тобының жетекшісі Көшерова Бақыт Нұрғалиқызы сөз сөйледі.
Спикер вакцинацияның маңыздылығын атап өтті. Вакциналар қазіргі медицинадағы ең маңызды жетістіктердің бірі болып табылады және вакциналардың арқасында бүкіл әлемде вакцинамен басқарылатын инфекциялардан болатын ауру мен өлім-жітім азайды!