Бүгін, 24 наурыз - Дүниежүзілік түбіркүлезге қарсы күрес күні!
Бұл күні, 1882 жылы неміс ғалымы Роберт Кох түбіркүлездің қоздырғышын анықтады, оны оның атымен «Кох бацилласы» деп атады.
Түбіркүлез - жұқпалы ауру. Түбіркүлез науқас адамнан ауа арқылы беріледі. Түбіркүлез тұқым қуаламайды!
Көбінесе өкпені зақымдайды, сондай-ақ сүйек тініне, буындарға, теріге, несеп-жыныс мүшелеріне, көзге зақым келуі мүмкін.
Түбіркүлездің алғашқы белгілерін білу өте маңызды:
- 2 аптадан астам жөтел
- кешке қарай 38-ге дейін шала қызулы температура
- түнгі терлеу
- қан түкіру
- тәбеттің төмендеуі
- салмақ жоғалту
- кеуде қуысының ауыруы
Алғашқы белгілер пайда болған кезде дереу дәрігерге хабарласыңыз!
Қазіргі таңда әрбір емханада ерте және өте жылдам диагностика бар -түбіркүлезге арналған ПЦР, ол 2 сағат ішінде түбіркүлездің болуын анықтайды!
Қазақстанда түбіркүлезді емдеу тегін!
Бүгінгі таңда түбіркүлезді емдеуге болатынын білу керек! Түбіркүлез-бұл үкім емес!
БЦЖ вакцинациясы- ерте жастағы балаларды түбіркүлездің ауыр түрлерінен қорғайды! Балаларыңызды түбіркүлезге қарсы қорғансыз етпеңіз!
Биылғы жылы дүниежүзілік түбіркүлезге қарсы күрес күні «Иә» ұранымен өтуде! Біз түбіркүлезді жеңе аламыз!», «Да»! Мы можем победить түбіркүлез!»
Балаларымыз түбіркүлезден азат етілген елде өмір сүруі үшін ортақ күш пен білімді біріктірейік!
Астана бүгін былай дейді: Түбіркүлезге жол жоқ!