Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Р.Қошқарбаев даңғылы, 60 мекенжайы бойынша №15 Қалалық емхананың филиалы ашылғанын хабарлауға қуаныштымыз.
Бұл филиалда жалпы практика дәрігерлері мен медбикелер 6, 7, 9, 17 учаскелер мен "Ниет" Жастар денсаулық орталығы қабылданады.
Естеріңізге сала кетейік, Жастар денсаулық орталығы 10 жастан 29 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастарға кешенді медициналық-психоәлеуметтік қызметтер көрсетеді.
Біз сіздерді №15 ҚЕ филиалында Р.Қошқарбаев даңғылы, 60 мекенжайы бойынша қарсы алуға қуаныштымыз!
Қызылшаға қарсы иммундау үшін №15 Қалалық емханаға, Р.Қошқарбаев даңғылы, 64, 135 кабинетке хабарласыңыз. Жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін.
Вакцинация маңыздылығын түсіну сіз жақсы көретін жанның өмірін сактап қалады!
«ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ САНИТАРЛЫҚ - ЭПИДЕМИЯҒА ҚАРСЫ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ - ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС - ШАРАЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ» БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРДІҢ №7 ҚАУЛЫСЫНА СӘЙКЕС:
Ағымдағы жылдың 6 қарашасынан бастап 6 айдан 10 айға 29 күнге дейінгі балаларды қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке қарсы қосымша жаппай иммунизациялауды бастау жоспарлануда;
Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанынан бастап 2 мен 4 жас 11 ай 29 күн аралығындағы балаларға екпе егу басталады.
Құрметті ата - аналар, сіздің балаларыңыз үшін иммундау өте маңызды, сіз балаларыңызды егу арқылы оларды қызылшадан қорғайсыз. Вакцинациядан бас тарту арқылы сіз балаларыңыздың денсаулығына қауіп төндіресіз. Әрбір вакцинацияланбаған балада пневмония және энцефалит сияқты асқынулар болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз. Сондықтан балаларымыздың денсаулығын сақтау үшін қызылшаға қарсы екпе алуға шақырамыз.