Көкжөтел – бұл спазмодикалық жөтел шабуылдарын тудыратын тыныс жолдарының инфекциясы. Көкжөтел әсіресе нәрестелер мен жас балалар үшін қауіпті. АКДС-вакцинасының көмегімен көкжөтелдің алдын алуға болады.
Қызылшаға қарсы вакциналар алғаш рет 1963 жылы қолданылған. Дегенмен, қызылшаға бейім адамдар мен вакцинацияланбаған адамдар кластерлері болған жерде аурудың өршулері болуы мүмкін.
Халықты қызылша ауруынан қорғаудың жалғыз қауіпсіз жолы –вакцинация.
2024 жылғы 23-24 сәуірде "№15 қалалық емхананың" қызметкерлері 11 жастағы қыздарды адам папилломавирусына қарсы вакцинациялауды енгізу жоспарын іске асыру шеңберінде Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары ұйымдастырған оқыту тренингіне қатысты.
18 және 19 сәуірде Алматы қаласында Асфендиаров атындағы ҚазҰМУ-да халықты иммундау мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Форум жұмысына қатысуға аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің эпидемиолог-дәрігерлері, педиатрлар, ЖПД және облыстар мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларының иммунопрофилактикасын ұйымдастыру мәселелеріне жетекшілік ететін мамандар тартылды.
Бүгінгі таңда әр елде ұлттық иммундау бағдарламасы бар және вакциналар көптеген аурулардың алдын алудың ең қауіпсіз және тиімді шараларының бірі болып саналады. Бес онжылдықта ұлттық жоспарлы иммундау бағдарламалары дамыды және кеңейді, ал бүгінгі күні ДДҰ ұсыныстарына сәйкес, балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге кем дегенде 13 ауыр ауруға қарсы вакцинациялауды қамтамасыз етеді.