Артериялық гипертензия

Артериялық гипертензия: хал-жағдайыңызды қалай бақылауда ұстауға болады?

Артериялық гипертензия — жүрек-қантамырлары патологиясының дамуына әкелетін қазіргі кездегі ең көп таралған аурулардың бірі.

Артериялық гипертензияның даму қаупін арттыратын белгілі бір факторларды қарастырайық.

Қан қысымының жоғарылауы көбінесе 35 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі, ал адамның жасы неғұрлым үлкейген сайын, оның қан қысымы соғұрлым жоғары болады. Жас ұлғайған сайын үлкен артериялардың қабырғалары қатайып, осыған байланысты қан тамырларының қан ағымына кедергі болуы артатындықтан қан қысымы жоғарылайды.

Damumed қосымшасында сіз өз профиліңізге балаңыз бен қарт ата-анаңыздың профилін тіркей аласыз

Ол үшін оларды «Отбасы» бөлімінде қосып, емхананың тіркеу бөлімінде туыстық қатынасын растау қажет. Ол үшін сізге тек растау құжаты керек.

Процедура сәтті аяқталғаннан кейін сіз туыстарыңыздың профилін өзіңіздікіндей басқара аласыз. Сізге келесі функциялардың барлығы қолжетімді болады:

Қабылдауға жазылу;

Талдаулар мен диагностикалық зерттеулер нәтижесін қарау;

Медициналық файлдарды жүктеу және т.б.

16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күні

Құрметті әріптестер, қазақстандықтар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауларыңызды қабыл алыңыздар!

Бұл мереке біздің мемлекетіміздің бостандығы мен күшінің нышаны болып саналады. Тәуелсіздік алғаннан бері халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктермен және табысты өзгерістермен жалғастырды, Тәуелсіздік жылдарында біз әлемдік тануға және үлкен прогреске қол жеткіздік.

Осы айтулы күні сіздерге зор денсаулық, амандық және тұрақтылық тілейміз! Сіздің үйіңізде әрқашан бейбітшілік, келісім және өзара түсіністік орнасын. Тәуелсіздік күні құтты болсын!

ТҰМАУМЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСУГЕ БОЛАДЫ?

Тұмау - кез-келген адам ауырып қалуы мүмкін жедел жұқпалы ауру. Тұмаудың қоздырғышы – ауру адамдар түшкіргенде және жөтелгенде қоршаған ортаға енетін вирус.

Көптеген адамдар жеңіл тұмаумен бірнеше күн ғана ауырады, бірақ кейбіреулері ауыр түрімен, кейде асқынулармен де ауырады.

Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу - бұл адам ағзасына ауру тудыратын вирустармен инфекцияның алдын алуға бағытталған шаралар кешені.

Профилактикалық қорғаныс әдістері спецификалық және спецификалық емес болып бөлінеді.

Тұмаудың спецификалық профилактикасы халықты жыл сайын вакцинациялау болып табылады.

Тұмау вирустары мутацияға бейім болғандықтан, вакцина жыл сайын түзетіледі.

Damumed қосымшасында еңбекке жарамсыздық парақтарын қарау

Сіздің еңбекке жарамсыздық парағыңыз Damumed қосымшасында онлайн қолжетімді!

Оны қалай табуға болады?

«Медкарта» қойындысын ашыңыз;

«Медициналық деректер» батырмасын басыңыз;

«Еңбекке жарамсыздық парақтары» опциясын таңдаңыз.

Біздің қосымшаны AppStore және PlayMarket арқылы жүктеп алуға болатынын естеріңізге сала кетейік.