Абай Құнанбайұлы 178 жылдығы

10 тамыз күні қазақ елі ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлы 178 жылдығын тойлап жатыр.

Абай Құнанбайұлы –  қазақ ақыны, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасын исламға дініне таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.

Абай Құнанбайұлы 170-ке жуық өлең, 56 аударма жасап, "Қара сөздер" атты өлеңдер жазды. Абай Құнанбайұлы композитор да болған. Ол бүгінде танымал жиырмаға жуық әуендер жазды. Оның "Көзімнің қарасы" әні халық арасында кең тараған.

ҚАЗАҚСТАНДА САЛАМАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУ БОЙЫНША ЖОЛ КАРТАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Денсаулық мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттыру және саламатты өмір салтын насихаттауды күшейту мақсатында Қазақстанда 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы әзірленіп, іске асырылуда.

Жол картасы спорттық жарыстар мен денсаулық фестивальдері сияқты бұқаралық іс-шараларды өткізуді, белсенді демалыс пен спорт үшін инфрақұрылым құруды, дұрыс тамақтану мәселелері бойынша түрлі іс-шараларды, денсаулық сақтау мекемелерінде денсаулық сақтау саласындағы халықтың сауаттылығын арттыру үшін білім беру бағдарламалары мен консультациялар өткізуді жоспарлайды.

Жол картасының іс-шараларын іске асыру нәтижесінде темекі өнімдерін, алкоголь өнімін және ПАЗ тұтынуды қысқарту; психикалық және репродуктивті денсаулықты жақсарту; жарақаттануды азайту күтіледі.

Қан анализін тапсыруға дайындық ережелері

Мүмкіндігінше, қанды ашқарынға (8 сағаттан кем емес және 14 сағаттан аспайтын уақыт ішінде аш болу, сусын – су, қалыпты тәртіпте) таңғы 8 бен 10 сағат аралығында тапсырған жөн, тапсырыс алдында шамадан тыс тамақтанбау.

Егер сіз кейбір дәрілік препараттарды қабылдап жүрсеңіз дәрігермен препараттарды қабылдау негізіндегі зерттеулерді жүргізудің жөнділігін, немесе зерттеу алдындағы препараттарды қабылдауды тоқтату жөнінде дәрігерден кеңес алу жөн.

Емшекпен емізудің артықшылықтары

Баланы емізу - баланың денсаулығы мен өмір сүруін қамтамасыз етудің ең тиімді әдістерінің бірі.

Емшек сүтінің энергетикалық құндылығы жаңа туған нәрестенің энергияға деген қажеттілігін толығымен қанағаттандырады. Емшек сүтінде нәрестенің өсуі мен дамуы үшін өте маңызды ферменттер, гормондар және басқа да биологиялық белсенді заттар бар.

Емханада кезекті акция – Донор күні өтті

Бүгін 2023 жылғы 4 тамызда №15 қалалық емханада кезекті акция – Донор күні өтті. Ол Астана қаласының Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Емхана қызметкерлері бұл бастаманы тағы да қолдап, донор болды. Дәрігерлер мен денсаулық сақтау мамандары басқа адамдардың өмірін сақтап қалу үшін үнемі қан тапсыру қаншалықты маңызды екенін түсінеді.