Қазақстанда да әлем елдері сияқты вакцинаға қатаң талаптар қояды. Сондықтан вакциналарды тіркеу мен сараптамадан өткізу процесі көп кезеңді және еңбекті қажет етеді. Бірақ коронавирус инфекциясына қарсы вакцина өндірісі жедел жүзеге асырылғанымен, қауіпсіздік хаттамалары қатаң ескерілді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссиясының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жаннат Сатыбалдиева «COVID-19 вакциналарының өндірісі бүкіл әлемде инфекцияның өршіп, адам өлімі ушыққан уақытта өте шұғыл жағдайда өтті. Сонымен қатар, фармацевтикалық компаниялар ғаламдық проблемаға байланысты вакцинаны тез әзірлеуге айтарлықтай ресурстар жұмсады. Бірақ компаниялар қауіпсіздік хаттамаларын айналып өткен жоқ», - деп мәлімдеді. 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстанда Ресейде шығарылған Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») вакцинасын пайдалана отырып, КВИ-ға қарсы вакцинация басталды. Одан әрі 15 ақпаннан бастап вакцинациялау процесіне Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген Гам-КОВИД-Вак вакцинасы қосылды. 2021 жылдың 2 тоқсанынан бастап вакциналау процесіне отандық - QazCovid-In препаратын қосу жоспарланып отыр. Бұл вакцина қазіргі уақытта клиникалық сынақтардың 3-кезеңінен өтуде.
Вакцинация ерікті болып табылады. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық ем-шара, оның ішінде вакцинация егілетін адамның тек ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі. Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделмеген, кез келген қысым көрсету заңсыз болып табылады.
Вакцинациялау препараттың келіп түсуіне байланысты кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Бұл ретте, бірінші кезекте вакцин алауға коронавирус инфекциясын жұқтыру және тарату тәуекелі жоғары халықтың осал топтары жатады. Одан әрі иммундауға жататын халықтың осал топтары қамтылады. Бірінші кезеңде инфекциялық аурулар ауруханаларының, жедел медициналық көмек, реанимация, МСАК, қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет мамандары егіледі. Екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің, жоғары оқу орындарының педагогтарын, бірінші кезеңге кірмеген медициналық қызмет мамандары вакцинацияланады. Үшінші кезеңде мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары, студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдар қамтылады. Бұдан басқа, халықтың қосымша осал топтары: ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін және басқаларды қоса отырып, контингентті кеңейту жоспарлануда.
Медицина қызметкерлер кез келген вакцинаны салмас бұрын адамның аллергиясы бар-жоғын анықтайды. Егер ауыр аллергиялық сырқаты болса, вакцина салу медициналық тұрғыдан бас тартылады. Бұл ретте, аллергиялық реакцияны болжау мүмкін емес, себебі әрбір адамның ағзасы әртүрлі. Уақтылы ден қою үшін адам вакцинация алғаннан кейін алға алғашқы 30 минут ішінде (медициналық мекеменің қабырғасында) дәрігердің бақылауында болуы керек: дәл осы аралықта вакцинаға аллергиялық реакция болуы мүмкін. Ордан әрі 3 күн бойы, тіркелген жерлері бойынша учаскелік дәрігерлердің бақылауына алынады.