Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай арналған іс-шара өтті

2020 жылдың 15 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің ШЖҚ «№15 қалалық емханасында» МКК-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай арналған іс-шара өтті. Емхана директор Жамбурчинова А.Н. барлық әріптестерді мерекемен құттықтап. Емханамыздың қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін алғыс қағазымен және құрмет грамотасымен марапатталды.  Медбике Омарова А.А. азаматтардың денсаулығын сақтау ісіндегі жеке үлесі және мінсіз адал еңбегі үшін "ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісімен марапатталды.

Тәуелсіздік Күні-мемлекетіміздің еркіндігі, әл-ауқаты мен тұрақтылығының белгісі. Зор денсаулық, үйлесімділік пен өркендеу, бейбітшілік пен келісім тілейміз!

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05

 

#МеніңТуым #МеніңТуымМеніңОтаным #БіздіңОртақМереке