Біздің №15 қалалық емхананың кардиолог дәрігері Ельжасова Н.К. «Қазақстан» телеарнасында антибиотиктердің дұрыс қабылдау маңыздылығы жайлы сұхбат берді. Антибиотиктерге төзімділік олардың дұрыс емес және шамадан тыс қолданылуына, сондай-ақ инфекциялардың алдын-алу мен бақылаудың нашар болуына байланысты қарқын алуда.
Антибиотиктерге төзімділіктің таралуын болдырмау және онымен күресу шаралары:
• антибиотиктерді тек білікті медицина қызметкерінің тағайындауы бойынша қабылдаңыз;
• ешқашан антибиотиктерді қажет етпеңіз, егер медицина қызметкерінің айтуынша, оларға қажеттілік болмаса;
• антибиотиктерді қолданған кезде әрдайым дәрігердің ұсыныстарын орындаңыз;
• ешқашан антибиотиктерді басқаларға бермеңіз немесе қалған антибиотиктерді қолданбаңыз;
• "қауіпсіз тамақтанудың маңызды бес қағидасына" сәйкес инфекцияны болдырмаңыз, тамақ дайындау кезінде гигиенаны сақтау, науқастармен тығыз байланыста болмау, қауіпсіз жыныстық қатынас жасау және уақтылы егу.