УАҚЫТША САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

Мемлекет халықтың жеңілдігі бар 15 санаты үшін медициналық сақтандыру жарналарын төлейді. Осылайша, халықтың әлеуметтік осал топтары МӘМС аясында ақысыз медициналық көмек ала алады. Егер сіз жеңілдігі бар азаматтар санатында бола тұра, мәртебеңіз «сақтандырылмаған» болса, не істеу керек?

Сіз УАҚЫТША сақтандыру мәртебесін өзіңіз немесе медициналық ұйымға хабарласу арқылы ала аласыз.

Пациент медициналық ұйымға жүгінген жағдайда:

· 1-қадам. Пациенттің медициналық ұйымға хабарласып, мәртебесінің «сақтандырылмағанын» анықтау;

· 2-қадам. Медициналық ұйымның қызметкері пациенттің растайтын құжатын сканерлеп, (суретке түсіреді) оны Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы МӘМС жібереді (қосымшаны App Store және Play Market дүкендерінен жүктеуге болады);

· 3-қадам. МӘМС 1(бір) айға жарамды сақтандырылған мәртебесін береді.

Пациентке сақтандыру мәртебесі берілгені жайлы хабарлама жіберіледі;

Медициналық ұйымға жүгінбеген жағдайда(өздігінен):

• 1-қадам. Пациент Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы МӘМС жүйесінде мәртебесін тексеріп, «сақтандырылмағанын» анықтайды;

• 2-қадам. Пациент растайтын құжатын сканерлеп, (суретке түсіреді) оны Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы МӘМС жібереді (қосымшаны App Store және Play Market дүкендерінен жүктеуге болады);

• 3-қадам. МӘМС 1(бір) айға жарамды сақтандырылған мәртебесін береді.

Пациентке сақтандыру мәртебесі берілгені жайлы хабарлама жіберіледі;