Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы 23-ші қыркүйектен бастап 23-ші қазанға дейін «STOP туберкулез!» атты ауқымды қалалық акциясын өткізеді.
Бұл ұран – қала тұрғындары мен қонақтарына туберкулезді анықтау және алдын алу мәселелерін арттыру бойынша білім деңгейін және жеке өмірлік ұстанымдарына қатысты әрбір адамның өз денсаулығына белсенділігін қалыптастыруға шақырады.
Акция аясында келесі іс-шаралар өткізіледі:
Нұр-Сұлтан қаласының полиция Департаментінің қолдауымен, тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарға флюорографиялық тексеруден өткізу ұйымдастырылады.
«СТОП туберкулез!» акциясы елорданың қолайлы эпидемиологиялық жағдайын құру бойынша іс-шараларды жандандырады және күшейтеді, халықтың туберкулез туралы хабардарлығын арттырады.
Туберкулез мәселесі дерексіз емес, бұл ауруға әрқайсымыз шалдығуымыз мүмкін және де туберкулезге қарсы күрестің сәттілігі әрқайсымызға тәуелді екенін ұмытпайық!
Емханалардағы ашық есік күндері мен сауда орталықтарында, қала базарларында, әртүрлі тұрғын аудандарда флюорографиялық тексерулерді өткізу кестесін https://uoz.astana.kz ресми сайтынан қарай аласыз.