Жедел контрацепция (тиімділігі 75-95%) Қорғалмаған жыныстық қатынастан кейін, егер мүмкін болса тезірек, бірақ 120 сағат немесе 5 күннен кем емес уақытта, жүктілікті болдырмауға болады, жедел кантрацепцияға арналған таблеткаларды қабылдау. Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан және АИТВ-дан қорғамайды.
Ішке қабылдайтын контрацептивтер (тиімділігі 99%) ол күн сайын ішке қабылданатын таблеткалар. Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан және АИТВ-дан қорғамайды. Таблеткалардың қарсы көрсетімдері бар, оларды ішуді бастамас бұрын дәрігермен кеңесіңіз.
Мүшеқап (тиімділігі 85-98%) ол қажетсіз жүктіліктен және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан бір уақытта қорғауды қамтамасыз ететін жалғыз контрацепция әдісі.