Менингококтық жұқпа

Менингококтық  жұқпа (инфекция)–бұл жіті жұқпалы ауру, Neisseria meningitidis-бактерия оның қоздырғышы  болып табылады. Менингококтық  жұқпаның (инфекцияның) ауырлығы аурудың жеңіл түрі назофарингиттен бірнеше сағат ішінде өлім-жітімге әкеп соқтыратын аурудың жедел ауыр түрі сепсиске (жұқпалы аурудың ағзаға кенеттен  жайылуы) айналады.

Ауру ауа-тамшылы жолы (жөтелу, түшкіру, сөйлесу) арқылы таралады. Менингиттің алғашқы белгілері бөлек емес, әдеттегі суық тиюдің белгілеріне ұқсас (қызу көтерілу, бас ауыру). Аурудың егжей-тегжейлі белгілері пайда болғанда, медициналық көмекке дер уақытында жүгінбесе, өлімге әкеліп соғу 50%-дан астам  құрайды.

 

Негізгі клиникалық белгілеріне: дене қызуының 39,0°С-қа дейін және одан да жоғары көтерілуі, шыдатпайтын бас ауруы, жеңілдік сезіндірмейтін жүрек айнымай себепсіз лоқсу, геморрагиялық  бөртпелер,  желке бұлшық еттерінің тартылуы, қан қысымы төмендеу, денесі құрысып-тырысу, демалу бұзылуы, есінен тану  жатады. 

Жұқпа (инфекция)  көзі-ауру адам және қоздырғыш вирус тасымалдаушылар. Бір ауруға 20 мыңнан астам таратушылар жатады.

Менингококтық  жұқпа  (инфекция) ауруының маусымдылығы-көбінесе ауру қыста және ерте көктемде  жиілейді. Өйткені бұл кезеңде адамның иммунды жүйесі көптеген вируспен әлсіреген, ЖРВИ, тұмау және т.б. вирустар осы жыл кезеңінде белсендіріледі.

Көбінесе  жиі 5 жасқа дейінгі балалар ауырады, Иммунды жүйенің толық қалыптаспауына байланысты және жасөспірімдер мен жастар бұл жаста  көп уақытын түнгі клубтарда өткізеді, олар көптеген тәуекел факторларымен айрықшаланады, бұлар-жұрттың тығыздығы, шылым шегу, барлығына ортақ сусындар және т.б.

Менингококтық  жұқпаның  (инфекцияның) алдын алудың негізгі шаралары:

1. Аурудың бірінші белгілері пайда болған сәтте оның өлімге ұшырататын асқыну ауыр салдарының алдын алу үшін міндетті түрде медициналық көмекке жүгіну қажет, өздігінен емделумен айналыспау қажет.

2. Жұрттың көп жиналған орындарына барудан бас тарту қажет.

3. Өзі ауырып қалмас үшін  және оны қоршаған адамдарға жұқтырмас үшін мұрын шырышының жіті және созылмалы аурулары-фарингит, тонзилит, ларингитті дер уақытында емдеу керек.

4. Ашық ауада көбірек қыдыру, қоғамдық көлікте жүруден қашқақтау ұсынылады.

5. Дәрумендермен толықтырылған құнарлы және үйлестірілген тағамды қабылдау, спортпен шұғылдану, денені шынықтыру организмнің иммунитетін арттыруға ықпал етеді.

6. Күніне 2 реттен кем емес бөлмеге дымқыл тазарту жұмысын жүргізу, желдеткішті ашып  ауаны тазарту.

7. Жөтелгенде немесе түшкіргенде бір реттік қол орамалды пайдалану. Қол орамал  болмаған жағдайда, ауызды «шынтақпен» басып жөтелу және түшкіру.

8. Қолды 20 секунд бойы сабынды сумен әбден тазалап жуу.

Өкінішке орай, көптеген ата-аналар аурудың қауіптілігін толық көлемде сезінбейді, сондықтан да білікті медициналық көмектен бас тартады.

Менингококтық  жұқпаның  (инфекцияның) жедел басталуын және ауырлығын ескере отырып, оның бірінші белгілері пайда болғанда дереу дәрігердің көмегіне ертерек жүгіну қажет, баланың, жасөспірімнің өмірі осыған байланысты.

Менингит ең қауіпті деген он жұқпаның (инфекцияның) қатарына жатады,  сақ болыңыздар!

 

http://www.mz.gov.kz  сайтқа сілтеме