Халықты туберкулездің алғашқы белгілері анықталған кезде және алдын алу шараларында уақтылы медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі туралы хабардар ету мақсатында 07.03.2025 жылы "15 қалалық емханада" дүниежүзілік "Туберкулезге қарсы күрес күніне" орайластырылған жыл сайынғы туберкулез бойынша айлықтың шеңберінде Ашық есік күні өтті.
Іс-шара аясында пациенттер флюорографиядан, фтизиатр-дәрігер мен фтизиопедиатрдан профилактикалық тексеруден өтті, иммуносупрессивті терапия алатын адамдар АТР диагностикамен қамтыдылды, күні бойы туберкулезді диагностикалау және алдын алу мәселелері туралы әңгімелер мен дәрістер өткізілді, ақпараттық-түсіндіру материалдары таратылды.