№13 мектепте ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

 

Қазақстанда жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы қыздарды вакцинациялау басталғандықтан, №15 Қалалық емхананың қызметкерлері №13 мектептің 5 - сыныптарының ата-аналары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.

Вакцинация негізінен мектеп оқушыларын вакцинациялаудың басқа түрлері жүргізілетін мектептердің медициналық кабинеттерінде жүргізіледі.

АПВ-ға қарсы вакцинацияны қоса алғанда кез келген вакцинация кәмелетке толмаған баланың ата-анасының немесе оның қамқоршысының ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін ғана жүргізілетінін атап айту қажет.

Бүгінгі күні папиллома вирусын жұқтырудың және жатыр мойны обырының дамуының алдын алудың жалғыз әдісі вакцинация болып табылатынын еске саламыз.

Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, орта есеппен 600-ден астам әйел осы патологиядан қайтыс болады.

  • 01
  • 02