«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру»
28 ақпан 2018 жылы № 57 орта мектебінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» (МӘМС) тақырыбында семинар өткізілді. Қатысушылар саны – 25 адам. Ұйымдастырушылар: «Ниет» отбасылық денсаулық орталығының статистик дәрігерлері және менеджер.
Іс – шараның негізгі мақсаты: МӘМС жүйесінің мүмкіндіктерін халық арасында тарату, қалай іске асатыны туралы түсінік қалыптастыру.
Іс – шара туралы қысқаша ақпарат: МӘМС жүйесінің артықшылықтары, МӘМС жүйесіндегі төлемдердің қозғалу схемасы туралы мағлұмат берілді. Қатысушылардың қойылған сұрақтарына толықтай жауап берілді, ақпараттық - біліми материалдар таратылды.