Халықтың эпидемиялық саулығы мен инфекцияларды алдын алу үшін Ұлттық егу күнтізбесі құрылды.
Барлық міндетті екпелер тіркелген жері бойынша тегін жасалады. Балаларға, ересектерге және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакцинациялау қажет.
БЦЖ - туберкулезге қарсы вакцина;
ВГВ - В гепатитіне қарсы вакцина;
АбКДС - көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге қарсы вакцина;
Хиб - гемофильді таяқшаға қарсы вакцина;
ИПВ - полиомиелитке қарсы вакцина;
ОПВ - оральді (ішке қабылданатын) полиомиелитке қарсы вакцина;
Пневмо - пневмококқа қарсы вакцина;
ҚҚП - қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцинация;
ДСА-М - дифтерия мен сіреспеге қарсы вакцина;
ВГА - А гепатитіне қарсы вакцина;
АПВ - Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина.
Дәрігер вакцинацияның алдында тексеру жүргізеді. Анамнез жинау кезінде дәрігерге ықтимал қарсы көрсетілімдердің болуы туралы ескерту керек: вакцинаны алдыңғы енгізуге жағымсыз реакциялардың, созылмалы аурулардың, аллергияның, инфекциялық аурудың жіті фазасының болуы.
Вакцинациядан кейін 30 минут ішінде жедел аллергиялық реакциялардың алдын алу үшін емханада қалу керек. Температура 38.5°C-тан жоғары болған кезде қызуды басатын дәріні қолданған жөн.