АПВ (адам папилломасы вирусы) – бұл әртүрлі ағзалардың (мысалы, жатыр мойынының немесе аногенитальді аумақтың) терісіне және шырышты қабықтарына инфекция жұқтыратын вирус. Кейбір жағдайларда инфекция папилломалардың (сүйел) пайда болуына әкеледі.
АПВ-ның 200-ден астам типі бар, жоғары онкогенді қауіп ретінде ең кемінде 14 тип белгілі.
АПВ жұқтырған адамнан организмнің инфекция түскен терісімен, шырышты қабықтарымен немесе сұйықтықтарымен тікелей жанасу арқылы беріледі. АПВ вирусы адамнан адамға мынадай жолдар арқылы беріледі:
1) тұрмыстық жанасу жолы арқылы;
2) жыныс жолы арқылы;
3) босанған кезде тікелей берілу жолмен;
4) өзіне-өзі жұқтыру жолымен.
Өмірдің қандай да бір сәтінде 10 ер мен әйелдің 8-ге жуығы АПВ инфекциясын жұқтырады. АПВ 25 жасқа дейінгі жас адамдарда жиі кездеседі.
Ерте жасында (9 жастан бастап) вакцинациядан өоткен адам АПВ-ның обырды тудыруы мүмкін онкогенді қаупі жоғары тиртерінің көпшілігінен қорғалады.
Организм иммундық жүйеге АПВ инфекциясымен күресуге көмектесіп пайда болатын антиденелер арқылы вакцинаға жауап береді.
АПВ-ға қарсы вакцина АПВ типтері тудыратын инфекцияны болдырмауда 100 %тиімді болып табылады.