1-7 Тамыз - Дүниежүзілік бала емізу апталығы

Жыл сайын 1-7 тамыз аралығында бүкіл әлемде 1990 жылдан бастап Дүниежүзілік бала емізу апталығы тойланады. Биылғы апталықтың мақсаты - төтенше жағдайлар мен дағдарыс кезінде баланы емізуге ерекше назар аудара отырып, біздің қоғамдағы теңсіздікті азайту үшін емізуді қолдау қажеттілігін көрсету.

ДДҰ 2025 жылға қарай сәбилердің 50% - ы, яғни әрбір жаңа туған екінші нәресте өмірге келе сала, сәби ағзасының көптеген жүйелері, ең алдымен иммундық жүйесі қалыптасқан кезде ана сүтін жеткілікті мөлшерде ұзақ еміу үшін жағдай жасауға ұмтылады.

Ана үшін емізудің пайдасы:

Босанғаннан кейін дененің қалпына келу процесін тездететің окситоцин түзілуінің жоғарылауы;

Ананың стресске төзімділігін арттыру, босанғаннан кейінгі күйзелісті азайту;

Сүт безі қатерлі ісігінің пайда болу қаупін азайту;

Постменопаузадағы остеопороз дамуы және сүйек сынуы қаупінің төмендеуі;

Жүрек - қан тамырлары аурулары мен қант диабетінің даму қаупін азайту.

Балаға пайдасы:

 

Жұқпалы аурулардан қорғауды қамтамасыз ету;

Асқазан - ішек жолдарының жетілуін және моторикасын дамыту;

Ішек микрофлорасын сау қалпында қалыптастыру;

Дұрыс тамақ жемеудің қалыптасу ықтималдығын азайту;

Жіті респираторлық аурулардың жиілігін төмендету;

Когнитивті және сөйлеу дамуын жақсарту;

Ана мен баланың эмоционалды байланысын жақсарту;

Зәр шығару жолдары инфекцияларының жиілігін азайту.

Нәрестелерді туғаннан бастап 23 айға дейін жақсылап емізу жыл сайын бүкіл әлемдегі 820 мың баланы құтқаруға мүмкіндік береді. Емізу - бұл ананың баламен эмоционалды байланысын күшейтетін, баланың психофизикалық дамуына жақсы әсер ететін маңызды процестердің бірі.