Жылан мен улы жәндіктер шаққан кезде дәрігерге дейінгі көмек алгоритмі

223/2020 бұйрығы, 6-тармағы, 18-тармақшасы бойынша жылан мен улы жәндіктер шаққан кезде дәрігерге дейінгі көмек алгоритмі:

1) жарадан уды мүмкіндігінше тезірек сорып алу (көмек беруші үшін бұл процедура қауіпті емес);

2) уланудың таралуын баяулату үшін зардап шегушінің қозғалуын шектеу;

3) көп мөлшерде су ішкізу;

4) зардап шегушіні медициналық ұйымға тек жатқан күйінде тасымалдауға болады.

Тыйым салынған:

 

1) тістеген аяқ-қолға жгут салуға;

2) тістеген жерін күйдіруге;

3) уды жақсы шығару үшін тіліктер жасауға;

4) зардап шегушіге ішімдік беруге болмайды.