Жәндіктер шағып алған кезде дәрігерге дейінгі көмек алгоритмі

223/2020 бұйрығы, 6-тармағы, 20-тармақшасы бойынша жәндіктер шағып алған кезде дәрігерге дейінгі көмек алгоритмі:

1) бізгегін алып тастау;

2) ісіну орнына "суық" басу;

3) зардап шегушіге көп мөлшерде сусын беру;

 

4) жәндіктердің уына аллергиялық реакциялар кезінде зардап шегушіге димедролдың 1-2 таблеткасын және кордиаминнің 20-25 тамшысын беріңіз, зардап шегушіні жылы жылытқыштармен жауып, шұғыл түрде медициналық ұйымға жеткізу;

5) демалысы бұзылып, жүрегі тоқтаған жағдайда жасанды дем беруді және жүректің сыртқы массажын жасау қажет;

Зардап шегушіге алкоголь ішуге болмайды, өйткені ол тамырлардың өткізгіштігіне ықпал етеді, у жасушаларда сақталады, ісіну күшейеді.