Терезеден құлау - балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себептерінің бірі

Терезеден құлау - балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себептерінің бірі. 3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар терезеден құлау қаупіне ұшырайды. Бұл баланың өзі терезе алдында ойнаудың қауіптілігін әлі бағалай алмайтын жас. Құлау жағдайларының көпшілігі ата-аналар балаларын қараусыз қалдырған кезде орын алады.

Ата-аналарға баланы терезеден құлап кетуден қалай қорғау керектігі жөнінде кеңес береміз:

 

  • егерде балаңыз үйде болса, терезелерді ашық ұстамаңыз. Сіз өзіңізді қасындамын деп ойлайсыз, бірақ сіздің ойыңыз бөлінген аз ғана уақыт балаңыздың өмірінде өлімге әкелуі мүмкін;
  • ешқашан москит торларына сенбеңіз балалар оларға сүйеніп, онымен бірге құлап кетеді;
  • балаңыз терезені өз бетінше аша алмауы үшін терезелерге арнайы қорғау жүйелерін (бекіткіштер, бұғаттауыштар) орнатыңыз;
  • баланың өздігінен терезенің алдына шығып алмауы үшін жиһазды терезеден алысырақ жерге орналастырыңыз.

Балаңыздың баға жетпес өмірі мен денсаулығы Сіздің қолыңызда екендігін ұмытпаңыз!