20.06.2024ж. №15 Қалалық емханада медицина қызметкерлерінің Діндерді зерттеу орталығының ақпараттық - түсіндіру тобының өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында дін саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Қазақстан Республикасы - Зайырлы мемлекет екендігі атап өтілді. ҚР Конституцияның 1-бабына сәйкес ҚР басты құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде өзін орнықтырады. Зайырлылық – ол:
- мемлекеттің діннен және діни бірлестіктерден бөлінуі;
- азаматтардың дінге деген көзқарастарына қарамастан теңдігі;
- азаматтардың дінді таңдауға және діннен бас тартуға құқығын қамтамасыз ету;
- рухани оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарында қандай да болсын дінді насихаттауға жол бермеу;
- қоғамда әлеуметтік қатынастарды діни догмалармен емес, елдің заңдарымен реттеу.
Кездесу соңында деструктивті діни ағымдардың мәнін түсіндіру және «iKomek-109» жедел желісі туралы ақпараттық материалдар таратылды.