Менингококк инфекциясы

Менингококк инфекциясы — бактериялар тудыратын, симптомсыз тасымалдаушылық, назофарингиттан (мұрын және жұтқыншақтың сілемейлі қабығының қабынуы) бастап менингит (ми қабығының қабынуы), менингококк сепсисіне (қанның зақымдануы) дейін әртүрлі клиникалық белгілермен өтетін — жіті инфекциялық ауру. Инфекция көзі - ауру адамдар және «дені сау тасымалдаушылар» болып табылады, яғни қандай да бір клиникалық белілері жоқ, бірақ олар менингококк көзі болып табылатын адамдар.

Инфекцияның берілу жолы - ауа-тамшы арқылы (жөтелген, түшкірген, сөйлескен кезде). Жұқтырған кезден бастап аурудың басталуына дейін бір күннен он күнге дейін өтеді. Науқас аурудың алғашқы күнінен бастап айналадағы адамдар үшін жұқтыратын адам болып саналады.

Менингит кенеттен басталады: күтпеген жерден катты бас ауыруы, құсу, 6-15 сағаттан кейін бөртпе пайда болады, температура 39-40°С жетеді, қалтырайды. Тері бозарады. Жалпы әлсіздік байқалады, арқа және аяқ-қол ауырады. Науқастар шөлдейді, тәбеті төмендейді. Аурудың тұмау, баспа, тонзиллит және т.б. сияқты зиянсыз ауруларға ұқсап, жеңіл өтуі мүмкін екенін ескеру қажет, және сондықтан өте қауіпті. Қатты тоңу, сырқаттану, қажу тудырған организмнің қорғаныш күшінің әлсіреуі сияқты қолайлы жағдай туындаған кезде менингококк бас миының қабығына енеді және қабынуды тудырады.

 

Профилактикасы

Катаралдық белгілері (тамақ қызару, дене қызуының көтерілуі, бастың ауыруы, әлсіздік) бар аурудың алғашқы симптомдары пайда болған кезде қаланың инфекциялық аурулар стационарларының қабылдау бөлімдеріне немесе жақын жердегі емдеу мекемесіне жүгіну қажет.

Әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуды, жүзу бассейндеріне, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы ойын алаңдарына баруды шектеу, жеке гигиенаны сақтау қажет.

Ұйымдастырылған ұжымдарда бөлмелерді жиі желдету, ылғалды тазалау жүргізу керек.

Суықтау, ашығу, ұйқының қанбауы, стресс және т.б. болдырмау қажет.

Ауруды емдегеннен оның алдын алған әлдеқайда жеңіл екендігін әрқашан есте сақтау қажет!