Астана қаласында медициналық туризм бағытын дамыту аясында 2024 жылғы 31 мамырда №15 Қалалық емхананың қызметкерлері оқыту курсына қатысты. Курстың тақырыбы: медициналық ұйымдардың қызметтерін ілгерілетуге бағытталған "Медициналық маркетинг". Оқыту курсы медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, медициналық қызметтер маркетингі, стратегия, PR дағдыларын дамыту, сервис сапасын арттыру, шетелдік пациенттерді тарту мақсатында өткізілді.